×
08.08.2022, 10:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлады Elorda.info.

Шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады.

Құрама еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс.

Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. Мұртас Қажығалиев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең есеппен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов қарсыластарына есе жіберді.

Ерлер құрамасы турнирде осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Осы матч алдында қазақстандық команда 12-орында болды. Қазір 25-орынға сырғыды. Келесі ойын Хорватиямен болады.

Еске салайық, кеше еліміздің әйелдер құрамасы Словакиядан 3,5:0,5 есебімен басым түскен еді. Ал ерлер командасы Әзербайжанға 1,5:2,5 есебімен жол беріп қойды.

28 шілдеде Үндістанның Ченнай қаласында басталған шахматшылардың 44-Олимпиадасы 10 тамызда аяқталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері