×
07.08.2022, 14:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан велоспорттан Ислам ынтымақтастығы ойындарында 4 медаль иеленді

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан велоспорттан Ислам ынтымақтастығы ойындарында 4 медаль иеленді
Фото: Olympic.kz

Әлішер Жұмақан ерлер арасындағы жекелей жарыста тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Екінші болып оның командадағы әріптесі Дмитрий Носков мәреге жетті.

Әйелдер арасында Рината Сұлтанова бірінші болса, Марина Кузьмина қола медальға ие болды.

Ислам ынтымақтастығы ойындары – Ислам конференциясы ұйымы елдерінің үздік спортшыларын қамтитын халықаралық спорттық іс-шара.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері