×
06.08.2022, 14:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Шахмат Олимпиадасында қазақстандықтар тағы да жеңіске жетті

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы жетінші ойынын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Шахмат Олимпиадасында қазақстандықтар тағы да жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің ерлер құрамасы 5 тамызда Испаниядан 2,5:1,5 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев, Қазыбек Нөгербек тең түссе, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетті.

Ерлер құрамасы бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокко мен Чехияны 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді .

Дәл осындай есеппен еліміздің әйелдер құрамасы Вьетнамды жеңді. Құрама сапынан Жансая Әбдімәлік қарсыласынан басым түссе, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева мен Назерке Нұрғали тең нәтижеге қанағат білдірді.

Ал әйелдер құрамасы өткен турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері