×
06.08.2022, 11:23
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әзірге 4-орында тұр

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында екінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 4-орында келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әзірге 4-орында тұр

Әзірге қазақстандық спортшылардың қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте төртінші орында тұр.

Ел құрамасынан Данияр Шамшаев (73 келі) «алтын», Абиба Абужакынова (48 келі) «күміс», Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) «қола» медаль жеңіп алды.

Командалық есепте Жапония 8 (5-3-0) медальмен 1-орында. Одан кейінгі орындарда Моңғолия 5 (2-0-3) медаьмен, Өзбекстан 7 (1-2-4) медальмен тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері