Нұр-Сұлтан 22.4°
×
05.08.2022, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Данияр Шәмшиев дзюдодан Азия чемпионы атанды

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында ел құрамасы қоржынына алғашқы алын медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Данияр Шәмшиев дзюдодан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Данияр Шәмшиев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошовты иппон әдісімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде белдесу уақытынан ерте тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, әйелдер арасында Абиба Абужакынова (48 келі) күміс медаль алды. Ал ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шәмшадин пен Ғұсман Қырғызбаевтың (66 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері