Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 16:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтуде. Қазақстандық Данияр Шамшаев финалға өте алды, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: Olympic.kz

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күресетін болады. Негізгі жекпе-жекте оған Муроджон Юлдашев (Өзбекстан) қарсы шығады.

Сондай-ақ, финалдық блокта Мөлдір Нарынова (63 келіге дейін) және Анастасия Маякова (70 келіге дейін) өнер көрсетеді. Олар «қола» үшін таласады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері