Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 14:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында тағы 2 медаль жеңіп алды

Таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп хабарлады Elorda.info Таеквондо федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында тағы 2 медаль жеңіп алды

Атап айтқанда, 55 келі салмақта Жавохирхон Исламов жартылай финалда сүрініп, үздік үштіктің қатарына енді. 59 кг салмақта Әлібек Шайкенов те қола медальге ие болды.

Бұған дейін жастарымыз екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында өтіп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері