Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 09:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медалмен толықты. 66 келі салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясынан

Бұл оның жаңа салмақтағы алғашқы жүлдесі болып саналады.

Айта кетерлігі, ол жұбаныш белдесуінде Джавашвили Гурамды жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Осылайша, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар үш медаль жеңіп алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері