×
04.08.2022, 16:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова турнирдің финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

Ол 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін күреседі. Бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линнен (Тайпей) мықты болды. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатардан (Моңғолия) спортшысын ұтты.

Үшінші орын үшін Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) бақ сынайды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері