Нұр-Сұлтан 21.3°
×
23.06.2022, 16:19
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

ФИФА халықаралық деңгейдегі ойындар аяқталған соң ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлады Elorda.info.

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады
Фото: kff.kz

Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы 11 сатыға жоғарылап, 114-ші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыраты Қазақстан құрамасы маусым айында төрт ойын өткізді. Әзербайжан (2:0), Беларусь (1:1) және екі рет Словакиямен (1:0, 2:1) ойнады.

Жаңартылған ФИФА рейтингі:

1. Бразилия – 1838 ұпай;

2. Бельгия – 1822;

3. Аргентина – 1771;

4. Франция – 1765;

5. Англия – 1737;

6. Испания – 1717;

7. Италия – 1714;

8. Нидерланд – 1680;

9. Португалия – 1679;

10. Дания – 1665;

51. Словакия – 1440;

96. Беларусь – 1227;

114. Қазақстан – 1166;

128. Әзербайжан – 1127.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері