Нұр-Сұлтан 21.3°
×
23.06.2022, 19:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Бокстан «Елорда кубогы» турниріне қатысатын құрамалар анықталды

«Елорда кубогы» халықаралық турнирі қарсаңында Нұр-Сұлтанда бірқатар елдің бокс құрамасы бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Бокстан «Елорда кубогы» турниріне қатысатын құрамалар анықталды

Атап айтсақ, Қазақстан, Жапония мен Қырғыз Республикасының таңдаулы боксшылары шеберліктерін шыңдаса, бапкерлер тәжірибе алмасып жүр.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан турнирге 10 елдің құрамасы қатысады. Бұл қатарда Куба, Үндістан, Жапония, Өзбекстан мен өзге елдер бар. Ал жарыс қожайыны Қазақстан барлығы 3 құрам қосады.

Бұл бәсеке қорытындысы бойынша биыл қазан-қараша айында өтетін бокстан Азия чемпионатына аттанатын ел құрамасы іріктеледі.

Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімі: Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Мәди Әміров, Тимур Нұрсейітов, Дамир Тойбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сәкен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Сағындық Тоғамбай, Абзал Құттыбеков, Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Бейбарыс Жексен, Елнұр Сүйінбай, Махмұд Сабырхан, Абзал Серік, Саматәлі Төлтаев, Санатәлі Төлтаев, Ермахан Жакпеков, Әділет Құрметов, Ерасыл Жакпеков, Теміртас Жүсіпов, Оразбек Асылқұлов, Сұлтан Мусинов, Серік Теміржанов, Аятулла Такижанов, Бауыржан Байгошеков, Қуан Қуатов, Дамир Әбдіқадыр, Бақтияр Смағұлов, Дархан Дүйсебай, Жәнібек Қартбаев, Даниял Сәбит, Нұрсұлтан Нуриденов, Сабыржан Ақхалыков, Василий Самчук, Нұрқанат Райыс, Олжас Байниязов, Нұрсұлтан Алтынбеков.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері