Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 13:33
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкин – Канело жекпе-жегінің өтетін орны ресми түрде жарияланды

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін орнын ресми түрде жариялады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин – Канело жекпе-жегінің өтетін орны ресми түрде жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Олардың бұған дейінгі соңғы екі кездесуі де дәл сол жерде өтті, оның біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді, бірақ кейін көптеген сарапшылар бұл нәтижені әділетсіз деп санаған. Жекпе-жек супер орта салмақта өтеді.

«Канело» бұл категорияда абсолютті әлем чемпионы болып табылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері