×
10.06.2022, 17:51
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі

Бүгін Қазақстан футболдан Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз сырт алаңда Беларусь құрамасымен сайысқа түспек, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі
Фото: ашық дереккөз

С дивизионының үшінші тобындағы ойын Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. 

Мұның алдындағы ойындарда Қазақстан құрамасы Әзербайжан (2:0) және Словакия (1:0) командаларынан басым түскен болатын, ал Беларусь өз кезегінде Словакиядан 0:1 есебімен ұтылып, Әзербайжанмен тең түсті (0:0).

Айта кету керек, 13 маусымға Қазақстан - Словакия, Әзербайжан - Беларусь ойындары белгіленген. Ұлттық құраманың Словакиямен ойыны «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері