Нұр-Сұлтан 10.1°
×
29.05.2022, 15:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан 2022» турнирі өтіп жатыр (ФОТО, ВИДЕО)

Елордада Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан 2022» турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, IBSA дзюдо халықаралық федерациясының төрағасы Янош Тардос, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев қатысты.

Әлемнің 22 мемлекетінен 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде бақ сынауда. Қазақстан құрамасынан ел намысын 21 дзюдошы қорғап жатыр.

Халықаралық турнирді Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Республикалық пара дзюдо федерациясының ұйымдастырды.

Жарысты көрермендер бүгін және ертең Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері