Нұр-Сұлтан 14.5°
×
29.05.2022, 09:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Реал» Чемпиондар лигасы финалының жеңімпазы атанды

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульден» басым түсті, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Реал» Чемпиондар лигасы финалының жеңімпазы атанды
Фото: twitter.com/MadeiraCakes

Шешуші матчта ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл «Реал Мадридтің»

матчтағы алғашқы соққысы болды.

Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ нәтижесіз болды.

Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа «Ливерпульдің» барлық әрекетіне қарсы тұра алды. 

«Реал» 45-минутта тағы бір гол соқты. Алайда Карим Бенземаның голы VAR-ды көргеннен кейін саналмады.

Айта кетейік, испан клубы өз рекордын жаңарта отырып, тарихта 14-рет бас еурокубок турнирінің жеңімпазы атанды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері