Elorda.info

Елордада веломаусымның ашылуы велошеру арқылы атап өтіледі

Елордада 28 мамырда велошеру өтеді. Жаңа веломаусымның ашылуына орай өтетін іс-шараға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада веломаусымның ашылуы велошеру арқылы атап өтіледі

Велошеруге қатысушылар екі қашықтықты жүріп өту қажет:

Кіші қашықтық – 3 км, қатысушылар Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Үлкен қашықтық – 20 км, қатысушылар айналма веложолдан (Қосшы жағына қарай жол бойында) бастап, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Ал басталуы сағат – 10:00-де.

Велошеру аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы өз велосипедімен шеруге жіберіледі.

Іс-шара спорттық жарыс емес, оның басты мақсаты саламатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға қызықтыру болып саналады.

Веломаусымның ашылуына және Балалар жылына орай ұйымдастырылған іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт