Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек өтетін болды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы GGG инстаграм желісіндегі жеке парақшасында ресми хабарлады.
Қос боксшы арасындағы трилогия биыл 17 қыркүйекте өтеді.
Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше, - деп жазды Головкин.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтті. 2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.