Нұр-Сұлтан 10.1°
×
24.05.2022, 23:12
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчына арналған доп таныстырылды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчының ресми добын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчына арналған доп таныстырылды
Фото: Twitter УЕФА Чемпиондар лигасы

Допта «Әлем» сөзі орыс (МИР) және ағылшын (PEACE) тілдерінде жазылған.

Чемпиондар лигасы-2022/23 финалы 28 мамыр күні Парижде өтеді. Жеңімпаз атағын ағылшынның «Ливерпуль» және испаниялық «Реал» клубтары сарапқа салады. 

Бастапқыда финал Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өту тиіс еді, алайда Ресейдің Украинаға соғыс ашуына байланысты бұл шаһар жарысты қабылдау құқығынан айырылды.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері