Нұр-Сұлтан 15.9°
×
24.05.2022, 15:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жәнібек Әлімханұлынан таяқ жеген боксшы алғаш рет пікір білдірді

Британиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлынан таяқ жеген боксшы алғаш рет пікір білдірді
Фото: bbc.com

Мен мықты боксшыға қарсы кездесуде жеңілдім. Жекпе-жекке келісімімді беріп, басымды қатерге тіккенімді алдын ала білдім. Алайда бұл айқастан бас тартқым келмеді. Маған қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Сонымен қатар, демеушілерге рахметімді айтамын. Жәнібек пен оның командасын құттықтаймын. Ол өте сапалы боксшы. Аздаған үзілістен кейін қайта ораламын, - деді Дигнум.

Еске салайық, Лас-Вегастағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы британиялық қарсыласын екінші раундта нокатуқа түсірді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері