Нұр-Сұлтан 14.5°
×
23.05.2022, 14:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада үшінші орын иеленді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік гимназиадада үшінші орын иеленді

Ел құрамасы таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола. Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Айта кетсек, қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері