Нұр-Сұлтан 13.2°
×
23.05.2022, 13:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шағын футболдан Амангелді Сейітхан атындағы турнир өтті

Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Шағын футболдан Амангелді Сейітхан атындағы турнир өтті

Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысқан турнир таңнан кешке дейін созылып, шығыстағы Абай облысы мен батыстағы Атырау облыстарын да қамтыды.

Сенсацияға толы болған турнирде көрермен 5 пенальти сериясына куә болып, финалда Жетісу өңірінің "Қарекет" командасы мен Алматының КТК ұжымы кездесті. Нәтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жеткен "Қарекет" Амангелді Сейітханды еске алуға арналған алғашқы турнирдің чемпионы атанды. Ал үшінші орынды астананың қос командасы "Экспресс-К" мен "Хабар" сарапқа салып, 2:1 есебімен жеңіске жеткен "Экспресс-К" ұжымы қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир Отбасының ұйымдастыруымен өтті. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған "Жеңісті күндерде жүздескенше" кітабының тұсауы кесіліп, Қазақ Спорт және туризм академиясында Амангелді Сейітхан атындағы арнайы телестудия ашылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері