Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.05.2022, 09:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жәнібек Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жәнібек Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөзден

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта нокдаунға түскен Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері