Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 16:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ерлан Қарин спортшыларды Сурдлимпиада ойындарындағы жетістігімен құттықтады

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Ерлан Қарин спортшыларды Сурдлимпиада ойындарындағы жетістігімен құттықтады

Еліміздің ұлттық құрама командасы 3 алтын, 7 күміс, 18 қола медальға ие болды. Бұл – спортшылардың және жаттықтырушылардың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер Қазақстанның спорт саласындағы әлеуеті зор екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Дүбірлі додада көк туымызды биікте желбіреткен жеңімпаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақтағы байрақты бәсекелерде де халқымыздың абыройын асқақтата бересіздер деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы барша спортшыға бақ-береке, толағай табыс тіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері