Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 18:44
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жаппай веложарыс өтеді

21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және Балалар жылына орай елордада жаппай веложарыс өтеді. Оған қатысуға қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жаппай веложарыс өтеді
Фото: қалалық әкімдіктен

Бұқаралық велошеруге қатысушылар Қабанбай батыр даңғылынан бастап, мемлекеттік рәміздер алаңын кесіп өтіп, «Астана Арена» стадионы жанындағы көлік тұрағында мәреге жетеді. Олар бас-аяғы бес шақырымды еңсеруі керек.

Велоспортшыларды тіркеу сағат 8:00-де басталады, ал басталуы – сағат 9:00-де.

Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша айтып өтті. Сол сияқты тіркелген қатысушылар арасында лотерея өтіп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылатын жаппай веложарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылында ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңынан «Астана Арена» стадионына дейінгі аралық сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері