Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 11:34
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жәнібек Әлімханұлы командасымен бірге Лас-Вегасқа жетті (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін өткізу үшін командасымен бірге Лас-Вегасқа барды, деп хабарлады Elorda.info.

Жәнібек Әлімханұлы командасымен бірге Лас-Вегасқа жетті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның қасында жаттықтырушы Джеймс «Бадди» МакГирт және менеджерлер Эгис Климас пен Берік Сұлтан жүр. 

Ж.Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) кездеседі.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады

Айта кетейік, жекпе-жек 21 мамырда өтеді Лас-Вегаста өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері