Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футболдан Қазақстан командасы Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Футболдан Қазақстан командасы Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.

Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов басқарады. Бұған дейін ол "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметін атқарған. Өткен жылы U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері