Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің күні белгіленді

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 KO) екінші орта салмақтағы төрт титул сарапқа салынатын жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің күні белгіленді
фото: ашық дереккөзден

Инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге арналған материалында жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін айтты. Ал бұған дейін мексикалық WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленген америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) кездесуі мүмкін.

Тағы бір ұсыныс Matchroom Boxing Эдди Хирннен келіп түсті. Ол екі жекпе-жек ұсынды. Ұсыныс бойынша "Канело" 7 мамырда жеңіл салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.

Екінші жекпе-жек - 17 қыркүйекте Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы көптен күткен айқас. Бұл жолы 168 фунттағы Альварестің төрт титулы үшін болады, - делінген хабарламада.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері