Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 20:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шаңғымен жарысудан Бейжің Олимпиадасына қатысатын спортшылар анықталды

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан жеті шаңғышы сынға түседі. Бұл туралы команданың бас бапкері Александр Батяйкин мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шаңғымен жарысудан Бейжің Олимпиадасына қатысатын спортшылар анықталды

Қысқы ойындарда екі ер адам мен бес әйел адам сынға түседі. Жарыс жолына Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко шығады.

Команда құрамы бекітілді. Бейжіңге Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашина, Ангелина Шурыга, Виталий Пухкало және Евгений Величко аттанады. Бапкерлер құрамына мен, Владимир Борцов пен Андрей Невзоров енді. Алғашында сегіз жолдама аламыз деп жоспаралағанбыз. Алайда, бір квотаға қолымыз жеткен жоқ. Мен ерлер мен әйелдер арасындағы екі эстафетаға да қатысамыз деп ойлаған едім.  Біз пандемия мен шектеулерге байланысты біраз турнирге қатыса алмадық. Тек қана Германияның Оберстдорф қаласында өткен әлем біріншілігінде ғана бақ сынадық. Олимпиадада біздің спортшылар барлық қашықтықтар бойынша сынға түседі. Тек эстафетадан сырт қаламыз.  Қазіргі таңда команда мүшелері Италияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олимпиадаға 29 қаңтар күні ұшып барамыз, - деді Батяйкин. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері