Нұр-Сұлтан 9.9°
×
20.01.2022, 16:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық спортшы жанкүйерлерінен қолдау күтетінін айтты

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова Бейжің Олимпиадасы қарсаңында жанкүйерлерден қолдау күтетінін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы жанкүйерлерінен қолдау күтетінін айтты
Фото: ашық дереккөз

Төртжылдықтың ең басты додасы санаулы күндерден кейін басталады. Бұл бәсекені спортшылар да, жанкүйерлер де асыға күтті. Әлемдегі пандемия да бізді біраз әбігерге салды. Осыған қарамастан, біз бар күш-жігерімізді жинап, жаттығуды үзбей, әлем көз тіккен бәсекеде ел намысын қорғаймыз. Мен барша қазақстандық жанкүйерлерді құрама спортшыларын қолдауға шақырамын. Дәл қазір бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет! Бізбен бірге болыңыздар, - деді Жанбота. 

Еске салсақ, Бейжің Олимпиадасы 4 ақпанда басталады.  

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері