Нұр-Сұлтан 13.4°
×
18.01.2022, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бокстан ел чемпионы өлім жазасына кесілді

Иранда жергілікті боксшы Мохаммад Джавад Вафаи-Сани өлім жазасына кесілді. Бұған себеп 2019 жылы наразылық шеруіне қатысуы екен. Бұл туралы оның адвокаты Бабак Пакния твиттерде жазды, деп хабарлады Elorda.info vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан ел чемпионы өлім жазасына кесілді

Бұдан бір жарым жыл бұрын күрестен ұлттық чемпион жазаланған еді. 2020 жылы қыркүйекте 27 жастағы Навид Афкари дарға асылған болатын. Ал жазаға тартылғанға дейін ол кінәні азаптау арқылы мойындатқанын айтып шағымданған. 

Норвегияда орналасқан Иранның адам құқықтары жөніндегі ұйым (IHR) 26 жастағы боксшы «мемлекеттік ғимаратты бүлдіру мен өрт қою» айыбы бойынша сотталғанын хабарлады. Ол 2020 жылы ақпанда ұсталған. 

Вафаеи-Сани юниорлар арасында ел чемпионы және Мешхед қаласының чемпионы: қазір елдің шығысындағы сол қаланың абақтысында отыр. Ал адамдар әлеуемттік желі арқылы оны аман алып қалуға шақыруда, #SaveMohammadJavad хэштегі твиттерде қатты таралған.

AFP мәліметінше, Иран адам жазалау бойынша Қытайдан кейін әлемдік көрсеткіш бойынша алда тұр.

Айта кетейік, 2020 жылы 22 жастағы сальвадорлық проспект қылмыскерлер арасындағы атыс кезінде көз жұмған. Ал одан бір жыл бұрын Ауғанстанның бокс федерациясының бас хатшысы оққа ұшқан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері