Нұр-Сұлтан 8.6°
×
17.01.2022, 18:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы Еуропа чемпионаты өтетін Нидерландыға ұшпас бұрын коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Elorda.info Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырды

Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб және Нұрбек Қарағұловтың коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Ойыншылар Нұр-Сұлтанда қалды және тағы да сынақтан өтеді. Егер нәтижелер теріс болса, Гронингенге барып, командаға қосылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирін Словенияға қарсы ойынмен бастайды. Матч 20 қаңтарда өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері