Нұр-Сұлтан 20.6°
×
16.01.2022, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12-орынға көтерілді, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы атанды
Photo by Zhe Ji/Getty Images

16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. 13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған.

11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.

Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12-орынға дейін көтерілмеген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері