Нұр-Сұлтан -11.9°
×
14.01.2022, 08:08
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкин - Мурата жекпе-жегінің өтетін уақыты нақтыланды

Жапонияның кәсіпқой боксшысы Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда қазақстандық боксшымен болатын жекпе-жектің жаңа мерзімін белгіледі. Бұл туралы Elorda.info Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Головкин - Мурата жекпе-жегінің өтетін уақыты нақтыланды

Акихико Хонданың айтуынша, жекпе-жек сәуір айында өтпек. Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Бірақ нақты уақыты айтылмаған еді. 

Бұған дейін жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған. Осылайша, Головкин 2021 жылы жекпе-жек өткізген жоқ. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері