Нұр-Сұлтан 13.4°
×
11.01.2022, 21:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Заңғар Нұрланұлы еуропалық Junior Masters рейтингінде көш бастап келеді

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

Заңғар Нұрланұлы еуропалық Junior Masters рейтингінде көш бастап келеді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 355 ұпаймен көш бастап келеді.

Өткен аптада Химкиде Александр Островский атындағы академия кортында З.Нұрланұлы TE Super category Christmas Cup 2022 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, тартысты матчта болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді.

Қазақстаннан ТОП-100-ге сондай-ақ Демид Горбачев (58-орын), Даниэль Тазабеков (69) кірді. Junior Masters – 14-16 жастағы Еуропа теннисінің үздік сегіз ойыншысы (қыздар мен ұлдардан) қатыса алатын ірі спорттық шара. Жарыс күзде Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері