Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен бірлесіп, финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, тағы бір қазақстандық Анна Данилина мен украиналық Валерия Страховаға қарсы чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4. Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті жұлып алды – 10:6.
Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14-інші, биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.