Нұр-Сұлтан 13.4°
×
31.12.2021, 18:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты
Фото: ашық дереккөз

ҚазАқпарат-тың мәліметіне қарағанда, осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты. Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері