Нұр-Сұлтан 24.4°
×
29.12.2021, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Кеше Варшавада жылдам шахматтан (рапид) ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elorda.info Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі

Шешуші партияларда Бибісара Грузияның тәжірибелі шахматшысы – гроссмейстер Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды ұтып, әлем чемпионатының жеңімпазы – халықаралық гроссмейтер Александра Костенюкпен ойынды тең аяқтаған.

Биыл Б.Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Ал Қызылорда облысының өкілі әйелдер арасында халықаралық шебер Әсел Серікбайдың жеңіске жетуіне сәл ғана сәттілік жетпеді. Чемпионат бойы Әсел көшбасшылар қатарында болып, Катерина Лагно және Александра Костенюк сияқты әлемнің жетекші шахматшыларымен тең ойын жүргізген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері