Нұр-Сұлтан 20.6°
×
27.12.2021, 13:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында ITF W25 сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жапониялықтар Фуна Козаки – Мисаки Мацудамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:0, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті. Анна Данилина осылайша жұптық сында ITF World Tennis Tour додаларында спорттық жолындағы 23-інші, биылғы 9-титулына қол жеткізді.

Ол сондай-ақ биыл Польшада WTA 250 жарысында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.

Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші қазіргі кезде жұптық сында әлемдік рейтингіде 75-орында тұр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері