Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Елена Рыбакина WTA 500 Sydney Tennis Classic турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Elorda.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир 10-15 қаңтар аралығында Сиднейде өтеді. Оған бірқатар танымал спортшы қатысады, ішінде отандық теннисші Рыбакина да бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Сиднейдегі кортқа әлемдік рейтингтің ТОП-24 теннисшісінің бірден 19-ы шығады.