Нұр-Сұлтан 18.8°
×
14.12.2021, 11:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Футзал: Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футзал: Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы  – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»);

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы: 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы: 19:00.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері