Нұр-Сұлтан 24.2°
×
13.12.2021, 12:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Мәскеуде өткен грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Грэпплингтен әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

Грэпплингтен әлем чемпионаты балалар, жасөспірімдер және ардагерлер арасында өтті.

300-ден аса спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде ел құрамасы командалық есеп бойынша 2-орынды жеңіп алды. Құрама команда қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль.

Қатысушылар әлем чемпионатында аталмыш спорт түрінің грэпплинг No Gi және грэпплинг Gi бөлімдері бойынша бақ сынасты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері