Нұр-Сұлтан 9.2°
×
10.12.2021, 09:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Барыс» өз алаңында «Сочиге» сан соқтырды

Құрлықтық хоккей лигасының матчында «Барыс» өз алаңында «Сочи» командасына қарсы ойнады, деп хабарлады Elorda.info.

«Барыс» өз алаңында «Сочиге» сан соқтырды
Фото: hcbarys.kz

Бірінші таймда «Барыс» хоккейшілері Әлихан Әсетов пен Роман Савченко мергендік танытты. Екінші кезеңде Якоб Лилья қос голдың авторы атанса, үшінші кезеңде Кирилл Савицкий командасының бесінші шайбасын соқты.

Ал «Сочи» екі шайбамен жауап қатты.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан) — «Сочи» (Ресей) — 5:2 (2:1, 2:0, 1:1) 

Голдар: Әсетов, 09:18. Савченко, 14:16. Лилья, 29:31, 39:08. Савицкий, 49:57 — Петьков, 04:30. Якс, 19:17.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері