Нұр-Сұлтанда рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды. Бұл жаңалықты FIDE халықаралық шахмат федерациясы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстанда өтуі тиіс еді.
«Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты жақында енгізген жаңа шектеулері әлем біріншілігін өткізбеуге себеп болды. Олар көптеген әлеуетті қатысушылар үшін міндетті 7 күндік карантин енгізеді, бұл олардың қатысуын мүмкін емес етеді», – деп жазды FIDE.
Сондай-ақ, FIDE бұл турнирдің балама нұсқаларын ұсынатынын хабарлады.