Нұр-Сұлтан 9.9°
×
08.12.2021, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруде берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. 

Жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыластарын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 келіні көтерді. 

Күміс медальді Таиланд, қоланы Болгария спортшысы еншіледі. 

Айта кетелік, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері