Нұр-Сұлтан 17°
×
07.12.2021, 14:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elorda.info тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді

Байрақты бәсеке 7-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

Ел біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды.

Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионатты түйіндейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері