Нұр-Сұлтан -7.9°
×
05.12.2021, 12:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Әлемнің 17 елінен спортшылар қатысқан Алматыдағы чемпионатта қарапайым көлік жүргізушісі Ерзат Сақабанов жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.Info.

Өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды
фото: ашық дереккөзден

Ол Өскемен қалалық өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

«Сайыс оңайға түскен жоқ, әр қатысушы өз позициясын бергісі келмеді. Дегенмен жеңіс Ерзат Сақабановқа бұйырды. Ол 57 кг салмақта өнер көрсетті. Осыдан бір ай бұрын Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Енді тағы бір жеңіске жетіп отыр. Ерзат Өскемен қаласындағы №9 Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді», - делінген ШҚО ТЖД қызметінің Instagram-парақшасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері