Нұр-Сұлтан -10°
×
03.12.2021, 13:50
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Головкин мен Мурата биыл жұдырықтаса алмайды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді, деп хабарлады Elorda.info vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин мен Мурата биыл жұдырықтаса алмайды

ESPN мәліметінше, себеп – COVID бойынша Жапониядағы жаңа шектеулер. Енді елге шетелден кіруге рұқсат жоқ. Бұл шара вирустың "омикрон" штамы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Головкин үшін жеңілдік сұраған, алайда Жапония үкіметі бас тартқан. Енді 29 желтоқсанға белгіленген жекпе-жек келесі жылға шегеріледі деп жсопарлануда. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері