Нұр-Сұлтан -9.9°
×
03.12.2021, 09:40
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде еншіледі

Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде еншіледі

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталды. Әйелдер арасынан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда ол 80,04 ұпайымен жарысты екінші орынмен аяқтады. 

Жарыс нәтижесі бойынша қытайлық Кун Фаньюй топ жарса, оның командаласы Шао Кью үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері