Бүгін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында мәскеулік «Динамоны» қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта «Барыс» 33 ойыннан кейін 30 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орында. 34 ойыннан кейін 46 ұпаймен «Динамо» Батыс конференциясының үшінші орнында тұр.
«Барыс» – «Динамо» матчының тікелей трансляциясын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да Qazsport телеарнасынан көруге болады.