Нұр-Сұлтан -10.9°
×
02.12.2021, 12:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Данияр Елеусіновтің жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) 18 желтоқсанда өтетін жекпе-жектегі қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леал болады, деп хабарлады Elorda.info.

Данияр Елеусіновтің жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Бастапқыда мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) қазақстандықтың қарсыласы болуы керек еді, бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып, рингке шыға алмайтыны белгілі болды.

Бокс кеші 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік боксшы Александр Устиновпен қолғап түйістіреді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері